Қардың көп жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Бүгінде елорда бойынша қар күреу жұмысына 2,3 мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.
2 қаңтардан 3-іне қараған түні полигондарға 30 мың текше метрден астам қар немесе 2191 жүк көлігі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 95 мыңнан астам жүк көлігін, яғни 959 мың текше метрден астам қар шығарды.