Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Жаңатаста қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңатаста қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр

Түнде басталған тазалау жұмыстарына 13 техника, 20 адам күші жұмылдырылған. Қазірге дейін қаладағы негізгі 27 көшедегі (барлығы 48 көше) қар тазартылды.

Қардың биіктігі шамамен 21 см-ге жеткен. Ауданда жел секундына 12 метр жылдамдықпен соғып жатыр.

Сонымен қатар аудан орталығы мен елді мекендерді жалғайтын Ақтоғай, Жаңарық, Саудакент елді мекендеріне жол ашылып, көлік қатынай бастады. 4 жедел жәрдем көлігі кезекшілік етіп жатыр.