Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Жаңатаста қатты дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жаңатас қаласын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңатаста қатты дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Облыс әкімі «ЖаңатасСуЖылу» МКҚК-да болып, одан кейін желден құлаған электр бағандарын тез арада жөндеуді тапсырды.

«Қаладағы білім ошақтарын жылумен қамту мәселесіне барынша назар аудару қажет. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Мектептерде жылу пункттерін ашуға жағдай жасалғаны маңызды», деді аймақ басшысы.

«Шахан» қосалқы стансасын аралаған Нұржан Нұржігітов бірінші кезекте қаланы жарықпен қамтамасыз етуді атап өтті. Қазір электр желілерін қалпына келтіруге 10 бригада жұмылдырылған. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.

Еске салайық, 3 қаңтарда Жаңатас қаласында дауылды желдің салдарынан табиғи төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Қала жарықсыз, жылусыз қалды.