Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб отырысына қатысты. Онда өңір басшысы ауданның елді мекендерін электр энергиясымен қамту, Жаңатас қаласына жылу беру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Қазір Жаңатас қаласына электр энергиясы беріліп үлгерді. Ендігі кезекте орталық қазандықтың жұмысын жандандыру бойынша шаралар қолға алынып жатыр.
Барлық саладағы қызметтің үйлесімді әрекетінің маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.