Ауа райы • 05 Қаңтар, 2023

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктер 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, терең Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында - жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – қар, шығысында - қалың қар күтіледі.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, елдің басым бөлігінде көктайғақ, боран мен тұман болады.

Астанада ауыспалы бұлттылық, кейде жауын-шашын (негізінен қар), боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 4-6°С, күндіз 0°С шамасында.

Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ байқалады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +2+4°С.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, алайда ауыспалы бұлттылық сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.