Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Қаңтарда қираған ғимараттар қашан қалпына келтіріледі?

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің қаңтар айындағы оқиғаларға арналған пленарлық отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қираған ғимараттар қашан қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтарда қираған ғимараттар қашан қалпына келтіріледі?

Премьер-министрдің орынбасары атап өткендей, қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер елдің 8 өңіріндегі 42 мемлекеттік ғимаратқа зақым келтірген.

«Олардың бірі - Президенттің Алматыдағы резиденциясы. Өздеріңіз білетіндей, ол нысан қалпына келтірілмейді. Осы 41 нысанды қалпына келтіру үшін бүгінде 31 миллион 100 миллион теңге бөлінген. 37 нысан қалпына келтірілді, осы айда Жетісу облысы әкімінің ғимараты қалпына келтіріледі. Ал наурыз айында Алматыдағы Бас прокуратураның Құқықтық статистика орталығының ғимараты мен Алматы әкімі ғимараты қалпына келтіріледі», деп нақтылады Роман Скляр.

Оның айтуынша, Алматыдағы Телерадиокешен қайта қалпына келтіруге жатпайды.

Сондай-ақ Роман Скляр 350 коммерциялық нысан зардап шеккенін қоса айтты.

«Бүгінде барлық коммерциялық нысан қалпына келтірілді. 1789 кәсіпкерлік субъектісі залалды тікелей өтеуге өтінім берді. Шағын және орта бизнес объектілеріне келтірілген залал 16 миллиард 700 миллион теңге көлемінде өтелді», деді Р. Скляр.