Елордада күн сайын қар күреуге мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылады.
Ең алдымен, жолдарда кептелісті болдырмау үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер, атап айтқанда алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және басқа да орындардың қары күреледі.
4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан 50 мың текше метрден астам қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылды.
Қыс басталғалы бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан астам жүк көлігі толы қарды шығарды, бұл 1,3 млн текше метрден астам қарды құрайды.
Қаланың коммуналдық қызметтері өз жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.