Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

«Ол жай ғана куәгер»: Самат Әбіштің қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар ма?

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық істерде тек куәгер ретінде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол жай ғана куәгер»: Самат Әбіштің қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар ма?

Мәжіліс аясында журналистер Бас прокурордан ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары жайлы сұрады.

«Ол жай ғана куәгер ретінде куәлік етті», деп нақтылады Берік Асылов.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішті қызметінен босатты. Ол бұл қызметті 2015 жылдың желтоқсанынан бастап атқарған.