Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Президенттің батыл қадамдары мемлекеттілікті қорғап қалды – Қошанов

1140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс қабырғасында депутаттар өткен жылдың қаңтар айында болған қайғылы оқиғаларға қатысты Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын екінші рет тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің батыл қадамдары мемлекеттілікті қорғап қалды – Қошанов

Бұл «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап болды. Отырыс Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз сөзінде депутаттарға Қаңтар оқиғасының билікті басып алудың мұқияқ жоспарланған әрекеті екенін анық дәлелдейтін фактілер ұсынылғанын атап өтті.

Ал оны ұйымдастырушылар халықты көзсіз қолданып, бейбіт митингілерді пайдаланып кетті.

«Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ Президентіміздің ерік-жігерінің, халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында,  қатардағы полицейлердің, дәрігерлердің, еріктілердің ерлігі арқылы біз мемлекеттігімізді қорғап, бейберекетсіздікке жол бермедік», деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Қаңтар оқиғасы туралы ақпаратты қасақана бұрмалауға мүдделі топтардың ел ішінде де, сыртында да бар екенін атап өтті.

«Бірлігімізді бұзғысы келетін күштер көп. Бұл туралы ұмытпайық. Енді халық әділ қоғам құрудан үмітті. Біздің алдымызда өте маңызды міндеттер тұр. Президенттің реформаларының төңірегінде бәріміз бірігуіміз керек», деді Ерлан Қошанов.

нпо

Отырыс соңында Мәжіліс Төрағасы Қаңтар оқиғасының болашақта қайталанбауы үшін сабақ алу маңызды екенін атап өтті.

Жалпы отырыста Бас прокурор, Ішкі істер министрі, қоғам белсенділері мен Мәжіліс депутаттары сөз сөйледі. Сонымен қатар болған оқиғалардың бел ортасында болып, сол күндердің барлық ауыртпалығын бастан өткерген полиция қызметкерлері, дәрігерлер, кәсіпкерлер, еріктілер де пікірімен бөлісті.

Қаңтар оқиғасының қайталануын болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар туралы депутаттардың сауалдарына Үкімет мүшелері жауап берді.

Жиын республикалық телеарналар мен интернет арқылы көрсетілді.

рав

Жалпы отырыс басталмас бұрын тергеу барысында табылған қару-жарақтармен көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ өткен жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген полицейлердің киімдері – қалқандар, бас киімдер, оқ өткізбейтін кеудешелер ұсынылды.

оп