Елорда • 05 Қаңтар, 2023

Астана жастары зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана жастары» КММ еріктілері жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты. Мұндай акциялар елордада үнемі өткізіліп тұрады. Қар тазалау акциясына 20-ға жуық ерікті қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Астана жастары зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

Соңғы күндері елордада қардың көп түсуіне байланысты «Астана жастары» КММ еріктілері жалғызбасты қарт адамдардың аулаларын қардан тазартты.

«Осындай жылы лебіз білдіру арқылы біз бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз, көптеген адамдармен танысып, игі іс жасауға тырысамыз. Қоршаған орта осылай қалыптасады. Мәселен, мен мүлдем бейтаныс адамдардан алғыс алған кезде өзімді пайдалы сезінемін. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», дейді ерікті Мерей Қалел.

Ии

Зейнеткерлер өз кезегінде студенттерге және Астана әкімдігіне алғыстарын білдірді.

«Маған көп көмектескен жастарға ризамын. Себебі маған ауланы қардан тазарту қиын. Еріктілерге алғыс айтамын және оларға зор денсаулық тілеймін», деді зейнеткер Роза Сәдуақасова.

Айта кетсек, бұл акция қыстың соңына дейін жалғасады.