Қаржы • 06 Қаңтар, 2023

8 млрд теңгенің шығыны өтелді

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2022 жылы экспорттаушы компаниялар­ға шығындарды өтеу­ге бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен са­лыстырғанда 2,8 есе ұл­ғайып, 8,8 млрд тең­гені құраған. Сол сияқ­ты 2021 жылы 306 өті­нім ма­­құлданса, 2022 жы­лы оның саны 486-ға жетті. Өтелуге жататын шы­ғын­­дардың барлық түрі­нің ішінде экспорттау­шылар арасында тауарларды теміржол көлігі­мен жеткізу ең сұранысқа ие өтінім болып тұр.

8 млрд теңгенің шығыны өтелді

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Тауарларды теміржол көлігі­мен тасу бағыты бойынша барлығы 7,05 млрд теңгеге 328 өтінім немесе жалпы соманың 79,7 пайызы мақұлданыпты. Тауар­ларды жылжыту шығын­дарын өтеу бойынша 0,3 млрд теңгеге 49 өтінім мақұлданған. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, салалар бойынша 2022 жылы азық-түлік өндірушілері дәстүрлі белсенділік танытты. Олардың басым бөлігі – май, ұн, нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, ауыз су мен сусындар, балық өңдеуші кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін экспорттаушы компанияларға жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 229 өтінім мақұлданды.

«2021 жылмен салыстыр­ғанда өтінімдердің барлық түрі бойынша өтемақы көлемінің өсуі байқалды. Қағаз және қағаз өнімдерін өндірушілердің өті­нім­дері бойынша төлемдер ай­тар­лықтай өсті – 5,5 есе, химия өнер­кәсібі өнімдері – 4,7 есе, ба­лық өсіру кәсіпорындары – 4,5 есе, тоқыма бұйымдарын өндіру­­шілер – 3,8 есе. Мақұл­дан­ған өті­нім­дердің ең көп саны Қостанай облысына, Алматы қаласына, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарына және Шымкент қаласына тиесілі. 2022 жылы шығындардың бір бөлігін өтеген шағын және орта бизнес кәсіпорындары негізінен дайын өнімді жақын елдерге экспорт­тай­ды. Оның ішінде қазақ­­стандық тауарлардың 17,8 пайы­зы Өзбекстанға жөнелтіледі, Ресей­­ге экспорттың 16,1 пайызы апа­­рыла­ды, одан әрі Ауған­стан, Тә­жік­стан және Қырғыз­стан бар. Осы бестіктен басқа отан­дық компаниялар өнімдерді Еуро­па елдеріне, сондай-ақ БАӘ, Кана­да, АҚШ және басқа да көптеген алыс шет­елдерге экспорттайды», де­лін­ген ведомство хабарлама­сында.

2022 жылғы желтоқсанда экс­порт­тау­шыларға шығын­дардың бір бөлігін өтеу ереже­сіне өзгерістер бекітілді. Экс­пор­ты бойынша шығыстары өтелу­ге жататын тауарлардың тізбе­сіне 1 146 тауар позициясы қай­тарылды. Оның ішінде ұн, ет, тұз және басқалары бар. Қай­­та­ру негізінен төменгі шекті позицияларға әсер етті.

«2022 жылы QazTrade көлемі жағынан да, сомасы жағынан да өтемақы алуға өтінімдермен ауқымды жұмыс жүргізді. Биыл үлкен міндеттер тұр. Ең алдымен, 2022 жылғы өтінімдерді қарау процесін аяқтау қажет. Бұл 7 млрд теңгеге 300-ге жуық өтінім. Бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, бюджетте қажетті қаражат қарастырылған. Екіншіден, өтінімдерді жаңа қабылдауды жариялау мәселесі пысықталуда. QazTrade, әри­не, біздің экспорттаушылар­дың бел­сенділігіне сенеді», деді QazTrade орталығының басшысы Нұралы Бөкейханов.

«QazTrade» экспорттаушыларды қолдаудың мемлекет­тік шараларының операторы ретінде Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп шығындарды өтеу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру жөніндегі жұмысты биыл да жалғастырмақ.

2022 жылы «QazTrade» компаниясына 259 экспорттаушы компаниядан барлығы 621 өтінім келіп түскен.