Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде есірткі сатушыдан 11 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

фото: polisia.kz

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады.

Белгілі болғандай, 31 жастағы жергілікті тұрғын 27 жастағы жігітке есірткіні 38 000 теңгеге сатқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД қызметкерлері күдікті болған ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Көліктің ішінен оралған сөмке табылды. Сонымен қатар тінту кезінде автокөліктен ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бумалардың ішінде 10 келіден астам кептірілген марихуана және 1,9 келіге жуық гашиш болған», деді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.