Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Алдағы уақытта зейнетақы мен жалақы индекстеледі - Көлгінов

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов алдағы уақытта зейнетақымен қатар, жалақыны да индекстеу жұмыстары жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы уақытта зейнетақы мен жалақы индекстеледі - Көлгінов

«Өткен жылы зейнетақыны индекстеу болды. Инфляция жоғары болса да адамдарға 10-15 мың теңге қосымша төленді. Бұған көптің көңілі толмады. Халық қайта индекстеуді күту керек пе?» деп журналистер Алтай Көлгіновке сұрақ қойды.

«Барлық реформалар халықтың табысын арттыруға бағытталған. Биыл инфляция рекордты жаңартты. Мұны ешкімге жасырын емес. Сондықтан алдағы уақытта индекстеу де жүргізіледі», деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

Ол биылдың өзінде шешім қабылданғанын, бірақ алдағы уақытта индекстеу жүргізілетінін түсіндірді.

«Әрине, болашақта индексация болады, жалақыны да индекстейміз. Дәрігерлердің, мұғалімдердің жалақысы биыл 25 пайызға, медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өскенін көріп отырсыздар. Жалпы, барлық салаларда, тіпті жеке компанияларда да жалақы өсіп келеді. Бізде кәсіподақтар, жұмыс берушілер және жергілікті атқарушы органдар арасында үшжақты келісімдер бар», деді вице-премьер.