Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да төмендеп, 67,57 теңгені (-0,12) құрады.
Кешегі сауда-саттықта Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,48 теңгені құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 494,91 теңге, рубльді - 6,53 теңге деп белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 464-468 теңгеден, еуроны - 488-494 теңгеден, ресей рублін - 6,2-6,5 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар, 6 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Наурыз айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 1,03%-ға көтеріліп, барреліне 79,50 долларды құрады.
NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің ақпан айындағы бағасы 1,07%-ға өсіп, барреліне 74,46 долларға жетті.