Мамандардың мәліметінше, республика аумағында бұрқасын, көктайғақ болып, батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі.
«7 қаңтарда еліміздің батысынан суық арктикалық антициклон ығыса бастайды, онымен бірге батыста жауын-шашынның бірте-бірте тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Республика орталығында солтүстік-батыста 20-28 градус аяз, республиканың солтүстігінде 25-33 градус аяз, шығыста және оңтүстікте 5-13 градус аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.