Ауа райы • 08 Қаңтар, 2023

Көктайғақ, боран: Бүгінгі ауа райы болжамы

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Egemen.kz.

Көктайғақ, боран: Бүгінгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елімізде жаңбыр жауып, қар түседі, қатты суық болады, желдің екпіні күшейеді, көктайғақ, боран және тұман болады деп күтіледі.

«Еліміздің солтүстік-батысында қар жауады. Елдің солтүстігінде, батысында ауа массасында суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді. Республикамыз бойынша жел екпіні күшейіп, көктайғақ, боран болады, елдің орталығында, оңтүстігінде тұман сақталады», деп жазылған хабарламада.