Ауа райы • 08 Қаңтар, 2023

Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

9 қаңтарда Астанада және Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

Елордада көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні  15-20 м/с.

9 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар күтіледі. Оңтүстікте, облыстың тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шымкентте күндіз қалың қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 15-20 градус қатты аяз күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте, облыс орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел соғады. Өскеменде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, батыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады. Семейде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында ауа температурасы 9-14 градус, облыстың солтүстігінде 18 градус аяз болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады. Павлодарда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23 м/с.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 10 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда қалың қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман, аздаған бұрқасын болады. 9-10 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарда көктайғақ күтіледі. 10 қаңтарда Таразда қалың қар жауады. 

Солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында тұман күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады. Жезқазған қаласында тұман күтіледі.