Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Алмат Мәдалиев 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Сондай-ақ АҚШ-тағы Джордж Вашингтон Университеті жанындағы заң мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Жастарды таңдау» ҚҚ заңгері болып бастаған. 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010 жылдың қазан айынан бастап Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
Ол 2019 жылдың наурыз айында Қазақстанның Әділет вице-министрі болып тағайындалды.