Елорда • 09 Қаңтар, 2023

Астанадан шығатын бірқатар жол учаскесі ашылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының тұрақтануына байланысты Астанадан шығатын бірқатар жол көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадан шығатын бірқатар жол учаскесі ашылды

8 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Астана-Қорғалжын» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды. 

Бүгін сағат 01:20-дан бастап республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» жолының 1003-1247 шақырымында, атап айтқанда Астанадан Атбасар қаласына апаратын жолда дизельмен жүретін автобустардан басқа барлық автокөлік түрінің қозғалысына рұқсат берілді.

Бүгін таңғы 04.20 кезінде ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырымында қозғалыс жанданды.

Бүгін сағат 06:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Астана – Петропавл» тасжолында көлік қозғалысы ашылды.

Бұрын хабарланғандай, 8 қаңтар күні сағат 22:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылған еді.