Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 жастағы спортшы Әзербайжан өкілі Гүлнай Мамезаде сияқты 8,5 ұпай жинаса да, қосымша көрсеткіштер бойынша алтын медальдан қағылды.
«Демалыс күндері Қытайдағы турнирде ойнап үлгердім. Нәтижесінде жеңіліссіз ойнап, бір ұпай жинай алмай қалдым. Өкінішке қарай, тай-брейк ойналмады, осылайша екінші орынға ие болдым», деп жазды спортшы Instagram-да.