Қазақстан • 09 Қаңтар, 2023

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат Қожабаев 1997 жылдан 2012 жылға дейін прокуратурада, кейін Антикор жүйесінде жұмыс істеген. Үш жыл Шымкент қаласының прокуроры болды (2018-2021). 2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.