Қазақстан • 09 Қаңтар, 2023

Биыл елімізден 4 мың адам үлкен қажылыққа барады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы елімізден 4 мың адам үлкен қажылыққа барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап.

Биыл елімізден 4 мың адам үлкен қажылыққа барады

Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге өз ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту, отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау, қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңтайландыру және басқа да мәселелер талқыланды.

Қазақстан қажыларына қызмет көрсетуге лайықты деп танылған, яғни конкурстық негізде анықталған қажылық компаниялары ұлы сапардың ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарымен айналысады.