Президент • 09 Қаңтар, 2023

Президент АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.