«Егемен Қазақстан» конкурстың осындай түрін жариялап отыр
Жыл сайын көңілге жылылық ұялата келетін мамыражай Астана күні жақындап келеді. Осы айтулы күнге орай «Егемен Қазақстан» газетінің интернет-редакциясы facebook әлеуметтік желісін қолданушылар үшін «Астана және мен» атты селфи-конкурс ұйымдастыруға шешім қабылдады.
Селфи (фотоавтопортрет) – facebook әлеуметтік желісін қолданушылар арасында кеңінен тараған суретке түсіру әдістерінің бірі. Қазіргі таңда жастар жағы көбірек пайдаланатын суретке басудың бұл тәсілі интернетті, соның ішінде әлеуметтік желілерді тұрақты түрде қолданатындар арасында трендке айналып отыр десе де болады.
Конкурсқа қатысушылардың ұсынатын суреттерінде Астананың бүгінгі келбеті, ондағы тарихи және халықтың көз қуанышына айналған, әлеуметтік маңызы зор орындар көрініс берулері керек.
Сайысқа қатысушылардың арнайы тіркеуден өтуінің қажеті жоқ. Олар өздері түсірген елордамызға қатысты суреттерін 16-30 маусым күндері аралығында facebook-тағы photo.egemen.kz сайтына жіберіп тұрулары тиіс. Келіп түскен суреттердің әрқайсысы модерациядан өткеннен кейін photo.egemen.kz сайтына орналастырылады.
Конкурстың соңында сайтқа орналастырылған жұмыстар іріктеліп, жеңімпаз бен жүлдегерлер есімдері анықталады. Оларға редакцияның арнайы сый-сияпаттары тапсырылады.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20