Қазақстан • 10 Қаңтар, 2023

Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен зейнет жасына жеткен Ұлттық Ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді

Оның мөлшері 60 АЕК, яғни 207 000 теңгені құрайды.

Стипендияға ілігу үшін академиктер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Стипендияны еркін нысанда төлеуге өтініш;
  • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  • ҚР азаматтығын растайтын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  • Екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банктен анықтама.

Шәкіртақы төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • ҰҒА академигінің қайтыс болуы (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  • ҰҒА академигін хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау (сот актісі);
  • ҰҒА құрамынан шығару (ҰҒА Президиумы отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Стипендиат ҚР азаматтығынан айырылған жағдайда.

Қаулы 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025