Аймақтар • 10 Қаңтар, 2023

Алматыда 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Өндіріс Алматының Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан. Онда 32 жастағы ер адам жұмыс істеп келген. Ол – орауыш және көтерме саудамен айналысатын адамның қызметтерін атқарған.

– Жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексерілді және расталды. Бірнеше ай бойы «өндіруші» зертхана жұмысын реттеп, онда синтетикалық мефедрон препаратын жасаған. Белгілі болғандай, Б. есімді азамат жұмыс берушінің желідегі онлайн нұсқауларын орындап отырған. Куратор оған қажетті шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, зертханалық жұмыстарды үйреткен. Химик-есірткі сатушы қосалқы бөлмесі бар жеке үйді жалға алған: есірткі зертханасын қораға орналастырып, өзі бас ғимаратта тұрған. Күдікті қылмыстық ұсынысқа жоғары еңбекақыға қызығып келіскенін айтады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Есірткі сатушы арнайы іс-шара барысында ұсталды. Есірткі зертханасы жойылды. Тінту кезінде ол жерден прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері табылды.

– Тәркіленген шикізаттың жалпы салмағы 100 келіні құрайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еске салайық, бұған дейін ЕҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық бизнестің сыбайластарының бірі 33 жастағы С.есімді азаматты ұстаған. Оның көлігінен 85 бума мефедрон және марихуана табылып, тәркіленді. Анықталғандай, синтетикалық есірткіні күдіктінің өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық құрал-жабдықтар мен 15 келіден астам синтетикалық есірткі табылды және тәркіленді, – деді Аханов.