Әлем • 10 Қаңтар, 2023

Перудегі наразылық кезінде 14 адам қаза тапты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Перуде қауіпсіздік күштері мен үкіметке қарсы наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыстан тағы 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перудегі наразылық кезінде 14 адам қаза тапты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жолы полиция мен шерушілер арасындағы қақтығыс елдің оңтүстігіндегі Хульяка қаласындағы әуежай маңында болған. 

Осылайша, Перуде 2022 жылдың 11 желтоқсанынан бері өтіп жатқан наразылық құрбандарының саны 43-ке жетті. 

Оңтүстік Америка елінің көптеген қалаларында өтіп жатқан үкіметке қарсы мыңдаған шерулерге қатысушылар президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін, қамауда отырған бұрынғы президент Педро Кастильоны босатуды, Конгрессті таратуды және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр.