«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы ШҚО Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады.
2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.
Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеп келген.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.