Қазақстан • 10 Қаңтар, 2023

12 өңірде қазақ тілін тегін үйрететін үйірме ашылды

365 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 өңірде қазақ тілін тегін үйрететін үйірме ашылды

Жоба аясында «Сөйле» деп аталатын арнайы тілдесу үйірмесі бастау алып, 12 аймақты қамтитын болады.

- «Сөйле» - қазақ тілінде сөйлегім келеді, үйренемін деуші барша азаматтарға арналған ақысыз түрдегі жоба», - дейді ұйымдастырушылар.

Жоба аясында түрлі іс-шаралар кешені және ауызекі сөйлесу, оқу, жазу сынды бағдарламалар Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында өтеді.

«Соңғы жылдары елімізде қазақ тіліне деген құрмет артып, ерекше статусқа ие болып келеді. Осыған дейін кейбір жастар, азаматтар қазақша тек керек жерде ғана сөйлеген болса, қазір күнделікті қолданысқа еніп жатыр. Бұл бұрыннан қазақша сөйленбей келді деген сөз емес, керісінше қолданыс аясы кеңейе түскенін көрсетеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұратынын ескерген дұрыс. Достас ұлттардың біздің тілімізге қызығушылық танытып, меңгереміз деушілер қатары да артып келеді. Темірді қызған кезінде соқ демекші, осы тұста жастар қанаты «Сөйле» деп аталатын жобаны іске қосып жатыр. Қазақ тілін оңай әрі тез үйренгісі келетін азаматтарға тегін таптырмас бағдарлама деп айта аламын. Сонымен қоса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілге ерекше назар аударып, мәртебесін жоғарылатуды тапсырған еді. Біз де тіліміздің дәрежесін көтеруге үлесімізді осылайша қосуды ұйғардық», деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

«Үйірме барысында қатысушылар аймақтардағы коворкинг орталықтары мен ЖОО қабырғаларында өтетін домбыра үйірмелеріне, әдеби-рухани кештерге, түрлі челлендждерге белсенді қатысады деп жоспарланып отыр», дейді жастар қанатының өкілдері.

«Сөйле» үйірмесі өтетін мекен-жайлар:

Астана қаласы - «Жастар рухы» ЖҚ қалалық филиал коворкинг орталығы, Тәуелсіздік д.,3.  8 776 115 72 05

Алматы қаласы - «Жастар рухы» ЖҚ қалалық филиал коворкинг орталығы, Абылай Хан к., 79. 8 708 671 20 25

Ақмола облысы - Coworking Center, Көкшетау қ., Әуелбеков к., 117. 8 747 498 60 18

Ақтөбе облысы - Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының коворкинг залы, Ақтөбе қ., Сәтпаев к., 16 Б.  8 747 124 19 99

Алматы облысы - Қонаев қаласының қалалық кітапханасы, 1 ш.а., 28 а.  8 747 995 10 15

Шығыс Қазақстан облысы - Өскемен қаласының орталық кітапханасы, Қазақстан көшесі 102.  8 747 953 05 58

Батыс Қазақстан облысы - Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар кітапханасы «Bilim ortalyqy», Н.Назарбаев 166/2; Ж. Молдағалиев 19 , «AMANAT»  ғимараты,  109 кеңсе. 8 777 479 35 90

Қарағанды облысы - «Qolday» коворкингі, Қарағанды қ., Әлиханов к., 4.  8 708 968 80 58

Қостанай облысы - Қостанай қаласының облыстық кітапханасы, Қостанай қаласы, Алтынсарин к., 111.  8 707 630 10 97

Павлодар облысы - С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сo-working орталығы, Павлодар қ., Сәтпаев к., 104;  «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының сo-working орталығы, Павлодар қ., Кривенко к., 25А. 8 747 916 76 02

Солтүстік Қазақстан облысы - Қалалық жастар ресурстық орталығының акт залы, Петропавл қ., Назарбаева, 69. 8 777 335 96 05

Абай облысы -  Абай атындағы орталық кітапхана коворкинг орталығы, Семей қ., Абай к. 86. 8 707 295 77 39