Министр ведомство командасы бағдарламаны қазақ тіліне локализациялай отырып, 600 курсқа дейін кеңейту бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Алдағы үш жылда 100 000 қазақстандық студент пен өзге де пайдаланушылар Coursera платформасына қол жеткізе алады.
Ведомство басшысының айтуынша, қазірдің өзінде Stanford University-де оқитын қазақстандық студенттер платформаның барлық мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып жатыр.
«Бүгінгі кездесуде олардың да пікірлерін сұрадым. Аталған платформа оқу жоспарларындағы олқылықтарды толтыруға және дипломдық бағдарламаларды еңбек нарығымен тікелей байланыстыруға көмектеседі. Іс жүзінде біздің студенттерге мансаптық мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Coursera жобасы жұмыс берушілерге де пайдалы болмақ», деп түйіндеді Саясат Нұрбек.