Аймақтар • 10 Қаңтар, 2023

Ақмола облысында жолда қалған 49 адам эвакуацияланды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше құтқарушылар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен қатты аязға байланысты 49 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жолда қалған 49 адам эвакуацияланды

Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін Қазақстан халқына рақмет», деді жолаушылардың бірі.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрады. Жолдардың жабылуы және ауа райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасынан немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.