11 Маусым, 2014

24 сағат

222 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Ауғанстанның оңтүс­тігінде НАТО-ның 5 әскери қыз­меткері қаза тапқан. Альянс­тың баспасөз қыз­меті хабар­ла­ғандай, олар қа­рулы жасақ шабуы­лының құр­бандары болған. Солдаттардың ұлты мен олар­дың қандай жағдайда қаза тап­қаны туралы нақты мәлі­мет жоқ. Тұтастай алғанда, жыл ба­сы­нан бері НАТО-ның 41 әскери қыз­меткері құрбандыққа айналған. *Ресейде 2013 жылы ка­питалы 1 миллион АҚШ долларынан асатын отбасылар саны 213 мыңға жет­кен. Жалпы дүниежүзі бой­ынша долларлы миллионер отбасылар саны 16,3 миллионды құрайды екен. Миллионерлері ең көп ел – АҚШ-та ондай отба­сы­лар саны 7,1 миллионды құ­райтын көрінеді. Ал Қы­тай­да 2,4 миллионер отбасы бар екені анықталған. Үшін­­ші орында 1,5 миллионер отбасы бар Жапония тұр. *НАТО-ның екі барлау­шы кораблі Ресейдің Қара теңіз флотының әскери нысандарына радиоэлектронды барлау жүргізу үшін жақында Қара теңізге енетіні белгілі болып отыр. Монтре конвенциясына сәйкес Қара теңізге жатпайтын елдердің әскери корабльдері Қара теңізде тек 21 күнге дейінгі аралықта ғана бола алады. *Жапонияда үшінші бала туған отбасына ма­те­риалдық көмек айтар­лықтай қомақ­тан­дырыла түсетін болды. Әйт­песе енді 50 жылдан кейін ел хал­қы­ның саны қазіргі 127 мил­­лион адамнан 86 мил­лион адамға дейін азайып кетуі ықтимал екен. Бүгінде Жапо­нияда орташа есеппен бір әйел өмірге 1,43 баладан ғана әке­летін көрінеді. *Американың Оклахома штатындағы жаңашылдар оқ өтпейтін жамылғы жасап шы­ғарды. Жұмсақтығына қара­мастан, мұндай жамылғылар өзі­нің қорғаныш қабілеті жөні­нен бронды жилеттерден кем түспейді екен. Енді мұндай жамыл­ғыларды мектептерде тор­надо кезінде немесе атыс бол­ған жағдайда қолдану көз­деліп отыр. *Сүнниттердің қару­лы жасағы Ирактың солтүс­ті­гін­дегі Мосул қаласының батыс бөлігін басып ал­ған. Ислам­шы­лардың атал­ған тобы Ирак пен Сирия аумағы­ның белгілі бір бө­лі­гін бақы­лау­ында ұстайды. Олар шии­тер­ге, Бағдат пен Дамаск үкімет­теріне және басқа исламистерге қарсы күрес жүргізеді. *Бішкектегі Ақ үй жанында тезек жағып, флэшмоб ұйымдастырмақ бол­ған жастар ұсталды. Олар «Қырғызгазды» Қырғыз­стан­ның газ үшін Ре­сейге қарызы тым өсіп кеткен соң сол елге беруге байланыс­ты өз­дерінің наразылықтарын осылай білдірмекші болыпты. Ал келісімшарт мерзімі біткендіктен «Узтрансгаз» Қырғызстанның оңтүстігіне газ беруін тоқтатса керек. *Ресейдің Иркутск облы­­сындағы Усолье-Си­бирское қала­сында мектеп бітіруші қыз бала мем­лекеттік қоры­тын­ды аттес­таттаудан жаман баға алған­нан кейін өзіне өзі қол салған. Емтиханнан соң оқушы қыз орманға ке­тіп, қай­тып оралмаған. Із­деу нәти­жесінде оның ағаш­қа асылып қалғаны бел­гілі болған. Өлерінің ал­дында ата-анасына мы­на­дай қолхат жазып қал­ды­рыпты: «Сіздердің үміт­теріңізді ақтамағаным үшін кешірім өтінемін». *Дағыстанда жергілікті тұрғындардан заңсыз сақ­талып келген атыс қаруларын ерікті түрде сатып алу нау­қаны басталды. Жергілікті биліктің пікірінше, сатып алу құны тұрғындарды ынталандыруы тиіс. Мәселен, Драгуновтың мергендік винтовкасы мен пулеметі 25 мың рубльге бағаланбақ екен. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.