Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Жалақының өсуі қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдарға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өскен.

Сондай-ақ 2021 жылы лауазымдық жалақының  30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жалақыны арттыру жүзеге асқан еді.