Президент • 11 Қаңтар, 2023

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше елдегі елшілікте ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты

«Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.