Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Қазақстанда шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Мұндай көліктердің сақтандыру полистерін басқа мемлекеттердің азаматтары ғана рәсімдей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады

Ертеңнен бастап міндетті сақтандыру және жол қозғалысы заңдарына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағындағы халықаралық қозғалыста жүрмеген көліктерге сақтандыру полисін рәсімдеуге тыйым салынған.

Бұл ретте 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін ресімделген сақтандыру полистері мерзім аяқталғанға дейін жарамды болады. Одан кейін Қазақстан азаматтары шетелдік көлікті сақтандыра алмайды. Ондай көліктерді сақтандыру полисі негізінде сатуға да тайым салынады. Ал транзиттік нөмір алған көліктерді бұрынғыдай 10 күнге сақтандыруға рұқсат беріледі.

Айта кетсек, «Жол қозғалысы туралы» заңда халықаралық қозғалыста жүретін көліктің нақты анықтамасы көрсетілген. Оның иесі шетел азаматы, яғни, Қазақстан азаматтығы мен тұруға ықтиярхаты жоқ адам болуы шарт.