Экономика • 11 Қаңтар, 2023

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсті

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсіп, 110,6 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсті

«2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға ұлғайып, 110,6 млрд долларды құрады», деді Серік Жұманғарин.

Министр Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тауар айналымы 23 млрд АҚШ долларын құрағанын хабарлады.

«Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға көп. Сондай-ақ кедендік әкелу баждарының сомасын бөлмеу мүмкіндігі мақұлданды. Оның арқасында үнемдеу болжамы 100 миллион доллардан асты, экспорттық өсу болжамы - 500 млн доллар. Бір жыл ішінде серіктес елдермен 6 жоба іске асырылды», деп толықтырды Серік Жұманғарин.