Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Қазақстандық құтқарушылардың жалақысы өседі

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына толықтыру дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық құтқарушылардың жалақысы өседі

Атап айтқанда, құтқарушыларға және құтқарушы функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 70% мөлшерінде денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу ұсынылады.

Ведомствода атап өтілгендей, құтқарушылар жұмыс істейтін жағдайлар экстремалды, яғни олардың күнделікті жұмысы зиянды өндірістік факторлармен және өмір мен денсаулыққа тұрақты қауіп-қатермен, ауыр физикалық және психоэмоционалды жүктемелермен байланысты.

Түзетулер қабылданған жағдайда жаңа норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Құжат 25 қаңтарға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.