Теннис • 11 Қаңтар, 2023

Hobart International: Юлия Путинцева үздік теннисшілердің қатарына кірді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева австралиялық Хобарт корттарында WTA 250 жекелей жарыстарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Hobart International: Юлия Путинцева үздік теннисшілердің қатарына кірді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарыстың екінші айналымында Испания өкілі, әлемнің 77-ші ракеткасы Нурия Парризас Диазбен кездесті. Матч қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:2, 6:3.

Келесі раундта Юлия Путинцева Ресей өкілі, әлемнің 72-ші ракеткасы Анна Блинковамен шеберлік байқасады.