Елорда • 11 Қаңтар, 2023

Елордадан 1,8 млн текше метрге жуық қар шығарылды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр. 11 қаңтар күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадан 1,8 млн текше метрге жуық қар шығарылды

Қалада қар тазалау жұмысына екі мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған.

11 қаңтарға қараған түні елордадан 6,5 мың текше метр қар шығарылды, бұл 537 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыстың басынан бері барлығы 1,8 млн текше метр қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 140 мыңға жуық рейс жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр, термометр бағаны -30 градустан төмен көрсетіп тұр. Қала тұрғындары мен қонақтары мұндай жағдайда абай болуы, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы және жарақат пен үсіктің алдын алу үшін көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.