Экономика • 12 Қаңтар, 2023

Газдың ресурстық базасын арттырды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«QazaqGaz» «Самұрық-Энерго» компаниясынан газ қоры шамамен 10 млрд текше метрді құрайтын Придорожное кен орнын өз балансына алды.

Газдың ресурстық базасын арттырды

Бұған дейін Ұлттық компания барлау және өндіру бойынша жол картасын бекіткен болатын, оның аясында ресурстық базаны 700 млрд текше метрден астам көлемге арттыру жоспарланған. «QazaqGaz ҰК» АҚ «Тегіс-Мұнай» ЖШС активтері бойынша сатып алу-сату мәмілесін жасады. Оның құрамына «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС кіреді. Өз кезегінде, «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясының Түркістан облысы Придорожное кен орнында газ өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы бар.

Придорожное кен орны Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан. Кен орны 1975 жылы ашылған болатын. Мемлекеттік комиссия кен орнында тереңдігі 1 450 және 2 600 метрде, көлемі 16,5 млрд текше метр газдың бар екендігін анықтаған.

Еске салайық, «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Амангелді Газ» кәсіпорнын қайта құру арқылы «QazaqGaz Барлау және өндіру» бөлімшесін ашты. «QazaqGaz» басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша, жер қойнауын пайдалану бойынша барлық жаңа жоба осы «QazaqGaz Барлау және өндіру» құрылымында болады.