Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Жалғас тапқан жәдігерлер

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Махамбет ауданының Есбол орта мектебінде тарих пәнінен дәріс беретін Жалғас Таңатов оқушыларды археологиялық қазба жұмыстарына жиі апарып жүр. Өткен жылы ол өзі тұратын ауыл маңынан көптеген тарихи жәдігер тапқан.

Жалғас тапқан жәдігерлер

Оның айтуынша, алғашқы табылған жәдігер – азамат соғысы жылдарына тиесілі оқ патрондары. Бұларды Есбол мен Ақ­жайық ауылы аралығындағы ескі қыс­тақ орнынан тауып алған.

– Нөмірлі кодына қарағанда, патрондардың бірі Германияда, енді бірі Петербургта шығарыл­ғаны анықталып отыр. Ауыл маңындағы ескі егін алқабының орнынан Алтын Орда дәуіріндегі Өзбек ханның тұсында қолда­нылған кәдімгі мыс ақша та­былды. Шамамен 1313-1341 жыл­­дарға тиесілі теңгеде «721г.х», «Сарай Берке» деген жа­­зу анық сақ­талған. Бұлардан бас­­қа қыш құмыралар, күміс әше­­кей­лер, алтын, мыс тиындар мен тұр­мыстық бұйымдарды да тап­тық. Жәдігердің барлығы Ес­бол орта мектебіндегі шағын мұ­ражайға қойылды, – дейді Жалғас Таңатов.

Мұғалімнің пікірінше, оқу­шылардың тарихи жәдігерлерге қы­зығушылығы артқан. Сол себептен, олардың тарихи жәді­гер­лерді зерттеуге ынтасын оятуды көздеп отыр.

1

– Бала күнімізде қой жайып жүріп, құмыраның сынықтарын тауып алатын едік. Бірақ оны зерттеу ойымызға келмеді ғой. Үлкендерден Есбол ауылының маңында тарихи орындар көп екенін еститінбіз. Бірі – азамат соғысы кезіндегі «ақ­тар» мен «қызылдардың» шай­қасы болған жер, екіншісі – Исатай мен Махамбеттің Жайықтан өт­­кен жолы, үшіншісі – археолог­тер зерттеу нысаны ретінде бел­гілеген ежелгі сарматтардың қо­­ры­мы. Бұл ауылдың ма­ңында Ай­туар би, Мұрат Мөң­кеұлы ба­баларымыздың өмірдерек­те­рін­дегі зерттелмей жатқан орындар да жетерлік. Тіпті Алаш арысы Халел Досмұхамедұлының әкесі де біздің ауылдан 5 шақырым жерде жерленген болып шықты. Оны тапқан қарапайым ауыл тұр­ғыны, жылқышы ағамыз Аслан Жал­мұханов еді, – дейді ауыл мұ­ғалімі Жалғас Таңатов.

 

Атырау облысы