Бұл туралы Башқұрт Құрылтайы төрағасының орынбасары Рүстем Ахмадинуров мәлімдеді.
Мұртаза Рахимов 1993 жылдан 2010 жылға дейін Башқұртстан Республикасының президенті қызметін атқарған. Ол 1934 жылдың 7 ақпанында Кугарчин ауданы, Таканово ауылында дүниеге келген. Уфа мұнай институтын бітірген.
1960-1976 жылдары Уфа мұнай өңдеу зауытында қондырғы бастығы, цех бастығының орынбасары, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің іске қосу және реттеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1976-1978 жылдары зауыттың бас химигі - бас инженердің орынбасары, 1978-1986 жылдары бас инженер, 1986-1990 жылдары директор болған.
1990-1993 жылдары Башқұртстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болған.