Елорда • 12 Қаңтар, 2023

Елордада қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

12 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 21 мың текше метрден астам қар немесе 1 568 жүк көлігі шығарылды.

м

Қыс мезгілі басталғалы бері полигондарға барлығы 1,8 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 142 167 ауыр жүк көлеміне тең.

Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін құм-тұз қоспасы себіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада аптаның басынан бері қатты аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы керек, сондай-ақ далада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.