Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

Жиында ТЖ департаменті «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупін азайту жөніндегі» республикалық жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жазғы-күзгі кезеңде өткізілген дайындық іс-шаралары жөнінде баяндады. Аталған жоспарлар шеңберінде барлығы 89 іс-шара жүргізілді, оның ішінде жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Рабочий кентіндегі Солонка өзенінің, Ғ.Мұстафин кенті маңындағы Нұра өзенінің және Осакаров кентіндегі Ақбастау өзені арналарын тазарту, жағалауларын нығайту және түбін тереңдету жұмыстары мен Ғ.Мұстафин атындағы кенттегі қорғаныш бөгетін нығайту бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылды.

Жалпы 2022 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында облыс аумағында шамамен 14 км қорғаныш бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды. Өзен арналарының су тасқыны қауіпті учаскелерінің 20 шақырымына санация жүргізілді. Шамамен 2 шақырым су бұру арналары салынып, жөнделді. 17,2 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, автомобиль жолдарының 23 учаскелерінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды. 20 су шаруашылығы объектілеріне жөндеу жүргізілді. 4 елді мекенде жергілікті хабарлау жүйесі орнатылды.

Облыс әкімі барлық қажетті алдын ала шараларды қабылдауды, аса қауіпті учаскелерге тұрақты мониторинг ұйымдастыруды, объектілерді тасқын суларды апатсыз өткізуге дайындауды, елді мекендерден қардың шығарылуын қамтамасыз етуді және халықпен үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруды тапсырды.