Бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданы, Абай даңғылындағы 4 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін сағат 14.31-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Алматы қаласы Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 89 мекенжайындағы 4 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт үйдің 1 және 2 қабаттарында орналасқан 2 қабатты дәмханаға жапсарлас салынған үй-жайда, кейін 3 қабатты пәтерге және үйдің ішінара шатырына өткен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына 14.34-те (3 минут) барды», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрт сағат 16.31-де жойылған. Уақытылы жүргізілген эвакуациялау іс-шараларының арқасында үй тұрғындары мен қонақтары арасында зардап шеккендер жоқ.
Өрттің жалпы ауданы - 310 шаршы метр. ТЖД күшімен сөндіру барысында 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланған. Қабылданған шаралардың арқасында шатырдың едәуір бөлігі, үйдің өзі, коммерциялық алаңдар өрттен аман қалған.
Эвакуацияланған барлық тұрғындарға жылыну үшін автобустар берілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 22:14
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Бүгін, 21:38
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Бүгін, 21:13
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Бүгін, 21:03
Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты
Оқиға • Бүгін, 20:24
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:05
Ұқсас жаңалықтар