Экономика • 13 Қаңтар, 2023

Тауар сертификаты – өнімнің айнасы

431 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Алматыда тауар өндіру көлемі артып келеді. Осыған сәйкес кәсіпорындарға берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат саны 2 есеге өсті.

Тауар сертификаты – өнімнің айнасы

Ал бұған нарықтағы бәсекенің ұлғайып, кез келген тауар түріне сұра­ныстың артып жатқаны септе­сіп отыр. Мұны 2022 жылы Алма­ты қа­ла­сының кәсіпкерлер палата­сы­ның кәсіпорындарға берген 1 457 сер­­ти­­фикатымен дәйектеуге болады.

Салыстыру тұрғысында 2021 жылы кәсіпорындарға берілген сер­ти­фикаттар саны – 772, ал 2020 жылы 470 болғанын айта кетуге болады.

Тауардың шығу түбін сертификаттау бөлімінің сарапшысы Сәуле Нұрбекованың айтуынша, 2022 жылы Алматы кәсіп­кер­лер па­ла­тасы 11 815 экспорттық сер­ти­фи­кат берген. 2021 жылы бұл көр­­сет­кіш 9 827 сертификатқа жет­се, 2020 жылы 5 967 сертификатты құрады.

Өндірісті сертификаттау сала­сында индустриялық сертификат ерекше маңызға ие екендігін атап өткен жөн. Егер кәсіпкердің тех­но­логиялық жабдықтармен қам­тылған жеке өндірісі, жұмыс іст­еп жатқан мамандары бар болса, онда осы сертификатты ала алады. Сертификатты рәсімдеу 2 кезеңнен тұрады.

«Индустриялық сертификат өте маңызды құжат. Құжатты бірінші кезеңде алу үшін кәсіпкер салалық қауымдастықтың салалық сарапшысының қорытындысын алуға тиіс. Салалық сарапшы кәсіпкер өндірісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындап, қорытындысын береді. Кәсіпкер оң қорытынды алғаннан кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының atameken.kz сайты арқылы өтініш береді. Бұдан әрі индустриялық сер­ти­фикатты ресімдеумен өңір­лік кә­сіп­керлер палатасының маман­дары айналысады», дейді маман.

Сертификат 3 жылға тегін беріледі. Алайда егер тауар өнді­рісінде, жұмыстар мен қыз­мет­терді жеткізуде өзгерістер бол­маса, сертификат жыл са­йын жаңартылып отыруға тиіс. Егер өзгерістер болса, кәсіпкер сертификатқа өзгерістер енгізу туралы өтініш беруі керек. Мәселен, 2022 жылы Алматы кәсіпкерлер палатасы 68 индустриялық сертификат берген. Индустриялық сертификат деп отырғанымыз – кәсіпорынның отандық өндіруші екенін растайтын құжат.

«Сарапшылар кәсіпорын­дарды база, жабдық, технология­ның болуына, сондай-ақ өндіріс­тің мәлімделген қуатының сәй­кес­­тігіне тексереді. Егер өндіріс бар­лық талапқа сай болса, индус­т­риялық сертификат ешқан­дай кедергісіз беріледі. Индустрия­лық сертификатты қалып­тас­тыру қағидалары бизнес-қоғам­дастықпен бірлесіп әзірленді, өн­діру­шіні тізілімге енгізу өтеу­сіз және ерікті түрде жүзеге асырылады. Қазір Қазақстанда шетел­дік компаниялардың өн­ді­рі­сін релокациялау үдерісі жүріп жа­тыр. Осыған байланыс­ты тауар­ларды сертификаттау бойын­ша жұмыстар ұлғайтылып, сер­ти­фикаттар беру бойынша бақы­­лау күшейтіледі», дейді Ал­ма­ты қаласы кәсіпкерлер палата­­сы­­ның директоры Айтуар Қошмамбетов. 

 

АЛМАТЫ