Футбол • 13 Қаңтар, 2023

Әлемнің шартты құрамасы

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің шартты құрамасын жариялады.

Әлемнің шартты құрамасы

Бұл тізімге мына футболшылар енді: Қақпашы – Тибо Куртуа («Реал», Бельгия). Қорғаушылар – Йошко Гвардиол («Лейпциг», Хорватия), Ашраф Хакими (ПСЖ, Марокко), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль», Нидерланд), Альфонсо Дэвис («Бавария», Канада). Жартылай қорғаушылар –Лука Модрич («Реал», Хорватия), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина). Шабуылшылар – Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Карим Бензема («Реал», Франция) және Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия).

Байыптап қарасаңыздар, үздіктер тізімінде «Реал» (Испания), «Лейпциг» (Германия), ПСЖ (Франция), «Ливерпуль» (Англия), «Бава­рия» (Германия) және «Манчестер Сити» (Англия) секілді алты клубтың ойыншылары ғана бар.