Аймақтар • 13 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысының құтқарушылары 6 адамды эвакуациялады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қолбастау ауылының маңында 2 жеңіл автокөліктен 6 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының құтқарушылары 6 адамды эвакуациялады

«12 қаңтарда сағат 20:18-де № 7 өрт сөндіру бөлімінің 3 өрт сөндіруші-құтқарушысы  құтқару техникасымен Жамбыл облысының Жуалы ауданында Қолбастау ауылының маңында 2 ақауы бар жеңіл автокөліктің ішінен 6 адамды, оның ішінде 3 баланы Б.Момышұлы ауылына эвакуациялады. Эвакуацияланған адамдарға медициналық көмек қажет болмады», делінген Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 12-13 қаңтарда жел мен 33 градусқа дейін аяз болатыны туралы дауылды ескерту жарияланған болатын.

Жамбыл облысы ТЖД ауа райы болжамын қадағалауға, құтқарушылардың ұсынымдарын сақтап, аса қажет болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берді. Қажет болған жағдайда құтқару қызметінің «112» және «101» нөмірлеріне қоңырау шалу керек.