Ауа райы • 13 Қаңтар, 2023

Еліміздің басым бөлігінде аяз сақталады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде аяз сақталады

Ел аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-35 градус аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17 градус болады.
 
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15 градус болады.
 
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.