АСТАНА. 11 маусым. Беларусь мемлекетінің Білім министрі Сергей Маскевич Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты маңызды мәселелер жоғарғы оқу орындарында жүйелі түрде талқылануы тиіс деп есептейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Назарбаев университетінде өтіп жатқан Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумына қатысып жатқан Сергей Маскевич: «Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақты құру барысында оған қатысушы үш мемлекеттің білім беру жүйесінде де жаңа мәселелер тұр. Сондықтан біз аталған одаққа қатысты маңызды жағдаяттарды талқылауға тиіспіз», – деді.
Беларусь министрінің сөзіне қарағанда, қазіргі заманда кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі сол елдегі университеттердің әлеуетіне де байланысты.
Сондай-ақ, ол: «Мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы сөз қозғалғанда, ең басты назарды жоғары білім ордаларының білікті маман дайындап шығаруына аударамыз. Сондықтан бұл жағдайда университеттің мамандарды қандай деңгейде дайындап шығаратыны өте маңызды», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: kraj.by.
• 11 Маусым, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері жоғарғы оқу орындарында талқылануы тиіс

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше